Құлшығаш-Ақмырза Шежіре

Нұсқаулық

Платформаның мүмкіндіктері мен жұмыс тәртібі. Әр өзгеріс модерация арқылы өтеді — шежіре тек тексерілген деректермен толығады.

Рөлдер мен мүмкіндіктер

Қонақ сіздің рөліңіз

Кірусіз — қауіпсіз қарау режимі

  • Ағашты еркін қарау: тармақтарды ашу, масштаб, ата-баба тізбегі
  • Есім, әкесі немесе тармақ бойынша іздеу
  • Жаңалықтар, басшылық тізімі, биылғы мерейтойлар
  • Туыстықты тексеру және «Жеті ата» постері
  • Тұлға картасымен бөлісу — сілтеме немесе WhatsApp
  • Байланыс деректері мен құжаттар көрінбейді, өзгеріс ұсынылмайды

Ру мүшесі

Модератордың шақыруымен қосылады

  • Қонақтың барлық мүмкіндігі, қосымша — құжаттар мен байланыс деректерін көру
  • Өзгеріс ұсыну: «Өңдеу», «Ұл қосу», «Қыз қосу», «Қайтыс болуын тіркеу», «Ауыстыру», «Өшіру»
  • Фотосурет пен бейне қосу — барлығы модерация арқылы
  • Өз өтінімдерін бақылау, қайтарылғанын түзеп қайта жіберу
  • Профиль: ағаштағы өз тұлғасын байланыстыру, құпия сөз, «Жеті атам» постері

Тармақ модераторы

Өзіне тағайындалған тармақтың ғана модераторы

  • Мүшенің барлық мүмкіндігі; өз тармағындағы өзгерістері бірден енгізіледі
  • Өз тармағының өтінімдерін шешу: мақұлдау, қайтару, бас тарту
  • Руға жаңа мүше шақыру — «Басқару панелі → Шақырулар»
  • Жаңалық жазу және өңдеу — мұқаба суреті мен YouTube бейнесімен
  • Басты бетті безендіру, қонақ өтінімдерін көру, аналитика

Супер-әкімші

Бүкіл шежіре жүйесіне жауапты

  • Барлық тармақтың өтінімдері бойынша шешім қабылдау
  • Пайдаланушыларды басқару, модератор тағайындау, тармақтарды белгілеу
  • Сайт баптаулары

Іздеу — аттас адамдарды қалай ажыратамын?

Іздеу жолағы — әр беттің жоғарғы жағында. Есіммен бірге әкесін, атасын немесе тармағын жазсаңыз, тізім бірден қысқарады.

  1. Есімді теріңіз — мысалы, Марат. Мұндай есім көп болса, тізімнің соңында «Тағы N адам» деген жазу шығады.
  2. Бос орыннан кейін әкесінің есімін қосыңыз: Марат Серік. Әкесінің есімін толық жазу міндетті емес, басы да жеткілікті.
  3. Әкесі белгісіз болса, атасын немесе тармақтың атын жазыңыз. Сөздердің реті маңызды емес.
  4. Тізімдегі әр адамның астында әкесі, атасы, тармағы және туған жылы тұрады. Тірілер марқұмдардан бұрын тұрады.
  5. Керек адамды басыңыз — ағаш оған өзі ауысып, картасын ашады.

Руға қалай қосыламын?

Ашық тіркелу жоқ: деректердің сенімділігі үшін жаңа мүшені модератор шақырады.

  1. «Басшылық» бетінен өз тармағыңыздың модераторын тауып хабарласыңыз немесе өтінім қалдырыңыз.
  2. Модератор поштаңызға шақыру сілтемесін жібереді (сілтеме 7 күн жарамды).
  3. Сілтемемен кіріп, құпия сөзіңізді өзіңіз қоясыз — енді құжаттарды көріп, өзгеріс ұсына аласыз.

Ағашты қалай басқарамын?

  • Тінтуірмен сүйреп жылжытыңыз, дөңгелекпен масштабтаңыз (телефонда — екі саусақ).
  • Түйіндегі +N — балаларын ашу, − — жабу.
  • Есімді бассаңыз — тұлға картасы ашылады.